• RU
Саморегулируемая организация
«Казахстанская ассоциация по управлению
отходами «KazWaste»
Мобильный телефон:
+ 7 776 255 84 21
Казахстан, г. Алматы, 050059
пр. Аль-Фараби, 15 к4в, офис 1602

West Dala қалдықтарды басқару компаниясы алғаш рет Орнықты даму туралы есебін ұсынды

«West Dala» ЖШС, Қазақстанның қалдықтарды кешенді басқару саласындағы кошбасшы компанияларының бірі, Орнықты даму жөніндегі алғашқы есебін жариялады, онда бизнесті жауапты жүргізу, корпоративтік басқару, экология, көміртегі ізін бағалау, еңбек ұжымын басқару және 2022 жылғы қызметтің басқа да бағыттары саласындағы маңызды тақырыптар, көрсеткіштер мен оқиғалар көрсетілген. Айта кету керек, бұл компанияның Қазақстандағы қалдықтарды басқару саласындағы алғашқы есебі.

«West Dala» ЖШС Бас директоры Қайрат Салахаденов: «Біздің Компания бизнесті жауапкершілікпен жүргізу қағидаттарын ұстанады және озық халықаралық стандарттарға сай болу үшін өз қызметінде ESG-трансформациялауды жалғастыруға ниетті. Біз ESG-дің қызметкерлермен, клиенттермен, іскери серіктестермен, инвесторлармен және қатысу аймақтарының тұрғындарымен ұзақ мерзімді және болжамды қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын нақты түсінеміз. 2023 жылы «West Dala» ЖШС БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы болды. ESG-рейтингін алумен қатар, мүдделі тараптарды орнықты даму саласындағы нәтижелеріміз, мүмкіндіктеріміз бен тәуекелдеріміз туралы, оның ішінде орнықты даму саласындағы жыл сайынғы егжей-тегжейлі есептілікті жариялау арқылы тұрақты хабардар ету практикасы енгізілді. Біз басқарудың өндірістік тиімділігі мен сапасын арттыру, экологиялық әсерді азайту, қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін, кәсіби дамуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмыс істейтін боламыз».

Орнықты даму туралы есеп 2021 жылғы редакциядағы Global Reporting Initiative (GRI) стандарттарына сәйкес дайындалды. Онда «West Dala» ЖШС-нің БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қосқан үлесі ашылып көрсетілді, сондай-ақ халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірқатар талаптары және қаржылық емес және климаттық ақпаратты ашуға TCFD ұсынымдары ескерілді. Алдағы уақытта «West Dala» ЖШС жаһандық стандарттар негізінде қаржылық емес есептілікті жыл сайын жариялауды жоспарлап отыр.

2022 жылғы Орнықты даму жөніндегі есептің толық мәтінімен «West Dala» ЖШС ресми сайтындағы «Орнықты даму» бөлімінде келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.westdala.kz/kz/-27/.
07.02.2024

Возврат к списку

Заявка на вступление в Ассоциацию